
Астана, 2022 жылғы 14 қараша – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев жанадан тағайындалған Молдова Республикасының Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы Елшісі Лилиан Дарийді қабылдады.
Е. Қоныспаев Елшіні қызметіне кірісуімен құттықтап, оған Қазақстан мен Молдова арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бойынша жемісті жұмыс тіледі. Осыған байланысты қазақстандық тараптың екіжақты ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі көзқарасын атап өтті.
Кездесу барысында тараптар қазақстандық-молдовалық өзара іс-қимылдың, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы өзекті мәселелерді талқылады.