Астана, 2022 жылғы 3 қараша – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Америка Құрама Штаттарының жаңадан тағайындалған Елшісі Дэниел Розенблюмның сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап, жұмысына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында дипломаттар саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және нығайту перспективаларын талқылады.
АҚШ Елшісі жылы қабылдау үшін алғыс айтып, кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін атап өтті.