Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Қазақстан мен Молдова арасындағы дипломатиялық қатынастарға 30 жыл

Астана, 2022 жылғы 31 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Молдова Республикасы Сыртқы істер және еуропалық интеграция министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Руслан Болбочанмен келлісөздер жүргізді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Молдова ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы екі елдің өзара іс-қимылын талқылады. Сонымен қатар дипломаттар екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтауларымен алмасты.