
Астана, 2022 жылғы 28 қазан – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңес органының («АӨДА» ККО) кезекті отырысында БҰҰ-ның Арнайы рәсімдерінің ұсынымдарын орындау мәселелері және Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды сақтаудың негізгі мәселелері қаралды.
Іс-шара ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Үсен Сүлейменнің төрағалығымен өтті. Кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде ол Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимылы және еліміздің тиісті саяси міндеттемелерін орындау тұрғысынан талқыланатын тақырып бойынша диалогтың маңыздылығын атап өтті.
БҰҰ-ның Арнайы рәсімдер мәселесі бойынша мемлекеттік органдар тарапынан Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының Көпжақты ынтымақтастық департаментінің өкілі баяндама жасады, ол арнайы рәсімдер жүйесінің жұмыс механизмін және халықаралық сарапшылар анықтаған жауаптарды дайындау және мәселелерді талдау жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмін жарыққа шығарды.
Азаматтық қоғамнан «Қадір-қасиет» ҚБ және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының өкілдері сөз сөйлеп, БҰҰ мәселелері мен ұсынымдарын шешу үшін істердің қазіргі жай-күйі және мемлекеттік органдар қызметіндегі қалған олқылықтар туралы хабарлады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды сақтаудың негізгі мәселелерін талқылау болды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі өз баяндамасында экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалардағы азаматтардың құқықтары мәселелерін шешу үшін министрліктің өзекті қызметін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар мен одан әрі қадамдар туралы хабарлады. Сондай-ақ, ҮЕҰ-мен осы құқықтарды іске асыру бойынша бірлескен жұмыс атап өтілді.
Осы тақырып бойынша азаматтық қоғамның өкілі ретінде «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының» басшысы сөз сөйледі, ол өзінің презентациясында қоғамда байқалатын өзекті мәселелерді көрсетті.
Ашық және сындарлы сипаттағы кейінгі пікірталасқа азаматтық қоғамның, мемлекеттік органдардың және парламентарийлердің өкілдері белсенді қатысты. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым қатысушыларды Парламенттің қарауындағы әлеуметтік саладағы заң жобалары туралы хабардар етті, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар шараларға түсініктеме берді.
Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы, Жоғарғы соттың, Конституциялық Кеңестің, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ алаңның қонақтары – БҰҰДБ, ЕҚЫҰ, Еуропалық одақ, ЮСАИД сияқты халықаралық әріптестердің, сондай-ақ Астанадағы АҚШ және Канада елшіліктерінің өкілдері қатысты.