ҚР СІМ Баспасөз қызметі Қазақстандағы ең үздік атанды

ҚР СІМ Баспасөз қызметі Қазақстандағы ең үздік атанды

Астана, 2022 жылғы 28 қазан – «Astana Media Week» медиа аптасы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында ең үздік баспасөз қызметін марапаттау рәсімі өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық өкілдері арасында дауыс беру қорытындысы бойынша ҚР Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі Қазақстандағы ең үздік деп танылды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі марапатты тапсыра отырып, СІМ Баспасөз қызметі қызметкерлерінің ел ішіндегі және шет мемлекеттеріндегі ақпараттық кеңістікте қажетті сыртқы саяси күн тәртібін қалыптастырудағы кәсіби деңгейін, жеделдігі мен сапалы жұмысын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, рәсім аясында ҚР СІМ Ресми өкілі Айбек Смадияров жоғары кәсібилігі мен ақпарат саласындағы табысты жұмысы үшін «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.