





АСТАНА, 2018 жыл 19 ақпан – Сыртқы істер министрлігі Арал өңірін қайта жаңғырту жөніндегі халықаралық симпозиумға белсене қатысты.
БҰҰ Даму бағдарламасы өкілдігінің Қызылорда облысы Әкімдігімен бірлесе отырып Астанада ұйымдастырған симпозиумі халықаралық қоғамдастықты Арал өңірі тұрғындарының мәселелерімен таныстырып, мемлекеттік сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірлесе отырып олардың шешу жолдарын іздестіруге арналған.
Өз сөзінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Орталық Азияның барлық елдері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Халықаралық Аралды құтқару Қорының (ХАҚҚ) тең құрылтайшылары болып табылатынын еске салды.
«Біз 30 қаңтарда Ашхабадта өткен ХАҚҚ-ның Атқарушы комитеті кезекті сессиясының қорытындыларын қолдаймыз. Қазақстан Арал теңізі бассейнін дамыту бағдарламасына қатысуға және Қордың құқықтық негізін, сондай-ақ Арал теңізі бассейні мәселесін шешуге бағытталған басқа да амал-тәсілдерді әзірлеуге дайын», – деп атап өтті министр.
Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы Трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Хельсинкий Конвенциясы тараптарының 8-ші отырысы 2018 жылы қазанда Астанада өтетіндігін хабарлады. Бұл отырыс алғаш рет Еуропадан тысқары өтетін болады.