Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі ДСҰ Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның ДСҰ жанындағы Тұрақты өкілі ДСҰ Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

Женева, 2022 жылғы 21 қазан – Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжан ДСҰ Бас директоры Нгози Оконджо-Ивеалаға сенім грамоталарын табыс етті.

Кездесу барысында Н. Оконджо-Ивеала Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ДСҰ жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігін ашу туралы шешімді қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Бас директордың пікірінше, бұл еліміздің 2022 жылғы маусымда Қазақстанның төрағалығымен сәтті аяқталған ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды имплементациялауға елеулі үлес қосуына жағдай жасайды.

Өз кезегінде Қазақстанның Тұрақты өкілі 2015 жылы ДСҰ-ға кірген сәттен бастап, Қазақстан көпжақты сауда жүйесін белсенді түрде қолдайтынын атап өтті. Бұған дейін Қазақстан ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетінің жұмысына төрағалық еткен, 2018 жылдан бастап біздің еліміз ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі арнайы сессиясын басқарып келуде. Қазақстанның, сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің Ұйымға кіруіне жәрдем көрсететіні және теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің мүдделерін білдіретіні атап өтілді.