Қазақстан СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрамының отырысы өтті

Қазақстан СІМ қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес құрамының отырысы өтті

Астана, 2022 жылғы 21 қазан - «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңды орындау мақсатында 2016 жылы құрылған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметі мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жаңа, үшінші құрамының отырысы өтті.

Кеңестің жаңа төрайымы ретінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрайымы Айгүл Құспан сайланды.

Отырыс барысында бірқатар ұйымдастырушылық шешімдер қабылданды және Кеңес мүшелері оның СІМ, азаматтық қоғам, ғылыми топтар және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылдағы алдағы қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.