
Қауіпсіздік жөніндегі 56-ші Мюнхен конференциясы аясында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияның СІМ басшысы Зограб Мнацаканян, Моңғолияның Сыртқы істер министрі Дамдин Цогтбаатар, сондай-ақ БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары Жан-Пьер Лакруа, АҚШ-тың Ауғанстандағы татуласу жөніндегі арнайы өкілі Залмай Халилзадпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелері мен перспективалары талқыланды.