Қазақстан мен Словения дипломатиялық қатынастар орнағанының 30 жылдығын атап өтуде

Қазақстан мен Словения дипломатиялық қатынастар  орнағанының 30 жылдығын атап өтуде

Астана, 2022 жылғы 20 қазан – Бүгін Қазақстан Республикасы мен Словения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Аталған жылдар ішінде елдер арасында екіжақты және көпжақты форматтағы сындарлы қатынастар мен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін аса жоғары және жоғары деңгейлерде сенімді диалог орнатылып, қолдау тауып келеді.

Ынтымақтастықтың серпінді бағыттарының бірі көпжақты өзара әрекеттестік болып табылады. Словения Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығын қолдады, атап айтқанда, Словения басшылығы Астанада саммит өткізуге, Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге өтінімнің алғашқы жақтаушыларының бірі болды, Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне, 2022-2024 жж. БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне кандидатурасын қолдады. Өз кезегінде Қазақстан 2021-2022 жылдарға арналған МАГАТЭ Басқарушылар кеңесіне Словенияға дауыс берді.

Екіжақты қатынастарда парламентаралық өзара іс-қимыл ерекше орын алады. Қазақстан мен Словения парламенттерінде сапарлар мен тақырыптық іс-шаралар өткізу арқылы депутаттар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін достық пен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия екіжақты ынтымақтастықтың маңызды тетігі болып табылады. 2014 жылдан бастап Қазақстан мен Словения кәсіпкерлерінің бастамасымен іскерлік ынтымақтастықты кеңейту мақсатында «Қазақстандық-словен бизнес-клубы» (KSBC) құрылды. Инвестициялар, көлік және логистика, ақпараттық технологиялар, туризм, денсаулық сақтау, фармацевтика, білім беру, сондай-ақ екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық базасын кеңейту сияқты салалардағы өзара іс-қимылдың перспективалары белгіленді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда словен капиталының қатысуымен фармацевтика, жаңартылатын энергия көздері, инженерия, телекоммуникация салаларындағы 19 кәсіпорын тіркелген (KRKA, Gorenje, Lek, BisolGroup, DUOL, Iskrat), оның ішінде 8 бірлескен кәсіпорын, 100% словен капиталының қатысуымен 11 кәсіпорын.

Қазақстан мен Словения Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмге қарсы күрестің ортақ тарихи жадымен бөліседі. Бұл тұрғыда, Словенияның Тырново қаласында кеңестік жауынгерлерге арналған Мемориал орнатылды, онда қаза тапқан қазақстандық сарбаздардың есімдері ескерткіш тақталарда мәңгілікке қалдырылды.

Сонымен қатар, 2018 жылы Повир ауылында Югославия партизандарымен соғысқан және фашизмге қарсы күресте қаза тапқан қазақстандық батыр Кассе Себероны еске алуға арналған «Жырақта жатсаң да, өшпес ерлігің еліңнің жадында!» сөздері бар мемориалдық тақтасының салтанатты ашылуы рәсімі өтті.

Үш онжылдықтың қорытындылары бойынша, екі елдің бірқатар салалар бойынша өзара табысты ынтымақтастықты орнатқанымен қоса, оны одан әрі нығайтып отырғанын көрсетті.