Астана, 2022 жылғы 5 қазан - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Түрікменстанның Елшісі Батыр Реджеповпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында дипломаттар Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай мемлекет басшыларының құттықтау хаттарының түпнұсқаларымен алмасып, өзара ынтымақтастықтың кең ауқымды өзекті мәселелерін талқылады.
Тараптар Қазақстан-Түрікменстан қатынастарының дәстүрлі достық сипатын және барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын қанағатпен атап өтті.