
Париж, 2022 жылғы 13 қазан - Елисей сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Гүлсара Арыстанқұлова Француз Республикасының Президенті Эммануэль Макронға сенім грамоталарын тапсырды.
Қазақстандық дипломат Э.Макронға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектерін жеткізіп, Қазақстанның биыл дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтіп жатқан екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге және нығайтуға мүдделілігін қуаттады.