
Астана, 2022 жылғы 5 қазан - Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарды кезекті қабылдау өтті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өтінім берген әрбір келушімен жеке кездесулер өткізіп, оларды толғандыратын мәселелерді талқылады.
Қабылдау барысында шетелде мәдениет, білім беру және көші-қон саласындағы жеке сипаттағы проблемалар көтерілді, сондай-ақ жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
ҚР СІМ басшылығының қабылдауына жазылу үшін азаматтар келесі байланыс нөмірі бойынша хабарласа алады +7 (7172) 72 05 12.