Қазақстан СІМ-де ТМД шеңберіндегі алдағы отырыстарға дайындық мәселелері талқыланды

Қазақстан СІМ-де ТМД шеңберіндегі алдағы отырыстарға дайындық мәселелері талқыланды

Астана, 2022 жылғы 19 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитеті Төрағасының - Атқарушы хатшысының бірінші орынбасары –  Леонид Анфимовпен жұмыс кездесуін өткізді.


Кездесуде үстіміздегі жылдың қазан айында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Астана қаласында өткізуі жоспарланған ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің, Үкімет басшылары кеңесінің және Сыртқы істер министрлері кеңесінің алдағы отырыстарына дайындық мәселелері талқыланды.