Қазақстанның жас дипломаттары ант берді

Қазақстанның жас дипломаттары ант берді

Нұр-Сұлтан, 2022 жылдың 31 тамызы - ҚР Сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет кірген СІМ қызметкерлерінің ант қабылдау рәсімі өтті.

Аталмыш шара Министрлік басшылығы мен ұжымның қатысуымен салтанатты түрде болды. Он жас мемқызметкерлер Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге және мемлекет мүдделерін қорғауға ант берді.

Іс-шараның соңында ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин жас дипломаттарды ресми ант қабылдауымен құттықтап, оларға ҚР сыртқы саяси ведомствосына жүктелген міндеттерді іске асыруда табысты жұмыс тіледі.