Кения Елшісімен кездесу туралы

Кения Елшісімен кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 1 қыркүйек – Кения Елшісі Бенсон Генри Оума Огуту Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсыновқа сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Кездесу барысында А.Тұрсынов Елшіні тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі Қазақстан-Кения қарым-қатынастарын әлеуетін ашуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар мемлекеттер арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту үшін мүмкіндіктерін атап өтті.

Елші жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екіжақты қатынастарды дамытуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.