Қазақстан Елшісі Аргентина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Аргентина Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Буэнос-Айрес, 2022 жылғы 29 тамыз – Қазақстанның Бразилиядағы, Аргентина мен Чилидегі қоса атқарушы Елшісі Болат Нүсіпов Аргентина Президенті Альберто Фернандеске сенім грамоталарын тапсырды.

Рәсім барасында Б. Нүсіпов Аргентина Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін және өзара ризашылықпен қабылданған ізгі тілегін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар екі мемлекет арасында тұрақты саяси диалогтың барын, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылды дамыту үшін елеулі әлеуеттің барын мәлімдеді.