
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 26 тамыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай Армения Республикасының Елшісі Армен Гевондянмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екі елдің жоғары басшыларының құттықтау жолдамаларымен алмасты, сондай-ақ қазақстан-армян ынтымақтастығының өзекті мәселерін талқылады.
Сұхбаттастар екі елдің өзара ықпалдастықығының жоғары деңгейін және қазақстан-армян қатынастарының ілгерілмелі дамуын қанағатпен атап өтті. Осы тұрғыда екі елдің аймақтық интеграциялық құрылымдардағы жемісті ынтымақтастығы оң бағаланды - ТМД, ЕАЭО және ҰҚШҰ Қазақстан мен Армения ынтымақтастығының күн тәртібін едәуір толықтырады.
Тараптар инвестиция, сауда және өзара қызығушылық тудыратын басқа салаларда ынтымақтастықты белсендету қажет екенін атап өтті, оның ішінде екі елдің бизнес-құрылымдары арасында байланыстарды кеңейту арқылы.