
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 26 тамыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Алжир Халық Демократиялық Республикасының Елшісі Камал Феништі қабылдап, кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.
Кездесу барысында А.Тұрсынов Елшіні тағайындалуымен құттықтап, оның қызметі Қазақстан-Алжир қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Тараптар мемлекеттер арасындағы саяси диалогты, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтудың зор әлеуетін атап өтті.
Сұхбаттастар екіжақты байланыстарды белсендету мақсатында тығыз ынтымақтасуға келісті.