Либия Елшісімен кездесу туралы

Либия Елшісімен кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 26 тамыз - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Либия Мемлекетінің Елшісі Аладдин Абдусалам Лехуайкты қабылдап, кездесу барысында Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Елшіні лауазымға тағайындалуымен құттықтап, А.Тұрсынов тараптар екі мемлекет үшін қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықтың қолда бар әлеуетін іске асыруға белсенді түрде кірісетініне үміт артты.

Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді Қазақстан-Ливия ынтымақтастығын дамытудың нақты перспективалары туралы пікір алмасты.