ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Словакияның Елшісінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Словакияның Елшісінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 24 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстанға жаңадан тағайындалған Словак Республикасының Елшісі Роберт Киргантан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап, жұмысына сәттілік тіледі.

Дипломаттар Қазақстан мен Словакия арасындағы өзара қарым-қатынастың 30 жылға жуық уақыт ішінде терең саяси диалог пен өзара түсіністікпен ерекшеленетін үлкен жол өткенін атап өтті. Сұхбаттастар өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды жаңғыртуға ерекше басымдық бере отырып, Қазақстан мен Словакия арасындағы әріптестіктің дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.

Пандемияға қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 2021 жылы 21%-ға өсіп, 84 млн АҚШ долларын құраған (2020 жылы – 69,4 млн АҚШ долл.).

Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың әлеуетін толық іске асыру мақсатында тығыз ынтымақтасуға келісті. Словак дипломаты жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, екіжақты қатынастарды дамытуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.