Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз жиырмасыншы отырысын өткізу туралы

Бірлескен Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының жүз жиырмасыншы отырысын өткізу туралы

2022 жылғы 15-19 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүз жиырмасыншы отырысы өтті.

Тараптар Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының жиынтықтарын келісуді және бекітуді жалғастырды, сондай-ақ ағымдағы жылы далалық демаркациялық жұмыстардың барысын талқылады.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылдың қыркүйегінде Ресей Федерациясының аумағында өтеді.