Қазақстан мен Португалия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарына 30 жыл  

Қазақстан мен Португалия арасындағы дипломатиялық  қарым-қатынастарына 30 жыл   

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 19 тамыз - Бүгін Қазақстан мен Португалия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарының орнатылғанына 30 жыл толды.

Осыған орай Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Португалия Сыртқы істер министрі Жоау Гомеш Кравинью Бірлескен декларация қабылдады, оның мәтінімен келесі сілтеме https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/414818?lang=kkарқылы танысуға болады

Осы атаулы күнге орай Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Роман Василенко мен Португалияның Елшісі Мария Андраде Мендештің кездесуі өтті. Сұхбат барысында өткен жылдардағы Қазақстан-Португалия қарым-қатынастары дамуының оң динамикасы атап өтіліп, екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару бойынша алдағы мақсатты жұмысқа өзара дайындығы айтылды.

Мемлекеттер екіжақты өзара ықпалдастықтың барлық спектрі бойынша сенімді әріптестер болып табылады. Елдер арасында екіжақты және көпжақты форматтарда сындарлы диалог орнатылды. Саяси, парламентаралық және ведомствоаралық қатынастар, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық даму үстінде, өңіраралық және жоғары оқу орындары арасындағы байланыстар тереңдеп келеді. Атап айтқанда, тиімді өзара іс-қимыл БҰҰ мен ЕҚЫҰ шеңберінде, сондай-ақ Еуропалық одақпен ынтымақтастық бағытында жүзеге асырылып келеді.

Өзара қарым-қатынастар тарихындағы маңызды сәттер арасынан мемлекеттер басшылары - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Португалия Президенті Марсель Ребела де Соузаның БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы шеңберіндегі кездесуі, сондай-ақ Нұр-Сұлтанда (2015 ж.) және Лиссабонда (2019) екі елдің елшіліктерінің өзара ашылуын атап өтуге болады. 2022 жылы Қазақстандағы Португалия елшісінің тағайындалуы ерекше маңызды оқиға болды.

Дипломатиялық қатынастарды орнату мерейтойы мемлекетаралық өзара іс-қимылдың тарихи тәжірибесін талдауға және болашаққа жоспарлар белгілеуге орайлы сәт. Бұл іс-шара достық, өзара қолдау және ортақ мүдделерді ескеру қағидаттарына негізделген елдердің әріптестік тарихында жаңа тарауды ашып отыр.

Қазақстан мен Португалия арасындағы тауар айналымы 2021 ж. қорытындысы бойынша 19,9 млн АҚШ долларын құрады (импорт – 19,8 млн. экспорт – 0,1 млн.). Ағымдағы жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 12,1 млн АҚШ долларын құрады (импорт – 12,1 млн., экспорт – 10 мың.). Қазақстанда португал капиталының қатысуымен 19 компания тіркелген.