Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 19 шілде – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Армения Республикасының Елшісі Армен Гевондянмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар екіжақты сауданы жақсарту және екі елдің іскер топтары үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.
Кездесу барысында бірлескен халықаралық іс-шаралар кестесі және Қазақстан мен Армения арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу мәселелері қаралды.