ҚР СІМ-дегі кездесуде Қазақстан-Солтүстік Македония ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды

ҚР СІМ-дегі кездесуде Қазақстан-Солтүстік Македония ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 7 шілде – Бүгін ҚР СІМ-де өткен кездесуде Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Солтүстік Македонияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сали Лимани Қазақстан – Солтүстік Македония ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен барлық негізгі бағыттары бойынша даму перспективаларын талқылады.
Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды, осыған байланысты тараптар ү.ж. 5-6 қыркүйекте Алматыда өтетін іскерлік конференцияға дайындық барысын қарады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің басшылығы мен сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде саяси диалогты одан әрі жандандыруға, шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге және кең ауқымды мәселелер бойынша өзара іс-қимылды тереңдетуге тараптардың дайындығын растады.