Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында талдамалық жұмыстар конкурсы қорытындыланды

Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында талдамалық жұмыстар конкурсы қорытындыланды

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 1 шілде – Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің 30 жылдығын мерекелеу аясында жыл басында ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппараты мен ҚР шетелдердегі мекемелерінің қызметкерлері арасында мемлекеттік тілдегі үздік талдамалық жұмыстарға конкурс жарияланған болатын.

Отандық дипломатиялық қызметі күні қарсаңында осы конкурстың қорытындысы шығарылып, тиісті жеңімпаздар анықталды.
Айта кету керек, конкурсқа қатысқан қызметкерлер алдын ала белгіленген 9 тақырыпта талдамалық материалдар жазды. Тақырыптар экономикалық дипломатия, цифрлық технологиялар, халықаралық шиеленісті жағдайлар және Қазақстан дипломатиясының 30 жылдығы сияқты өзекті салаларды қамтыды.

Конкурсқа жіберілген 30-ға тарта материалдарға арнайы құрылған комиссия жан-жақты сараптама жасап, келесі қызметкерлерді жеңімпаз деп таныды:
ҚР СІМ орталық аппараты бойынша I орын – Еркебұлан Ибрагимов (Таяу, Орта Шығыс және Африка департаментінің екінші хатшысы); II орын – Ғазиза Бердығалиева (Консулдық қызмет департаментінің жетекші маманы);
III орын – Ардақ Бекенова (Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы).

ҚР шетелдердегі мекемелері бойынша I орын – Дәурен Рахметов (Болгария Республикасындағы ҚР Елшілігінің екінші хатшысы); II орын – Ербол Климов (Кувейт Мемлекетіндегі ҚР Елшілігінің кеңсе меңгерушісі);
III орын – Арсен Тұрғамбаев (Малайзиядағы ҚР Елшілігінің бірінші хатшысы).

Конкурс жеңімпаздарына арнайы дипломдарды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді табыс етті және олар дипломдармен қоса ақшалай сыйлықтармен марапатталды.