Қазақстан мен Монако арасында бірінші консулдық консультациялар отырысы өтті

Қазақстан мен Монако арасында бірінші консулдық консультациялар отырысы өтті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасы мен Монако Князьдігі арасында консулдық консультациялардың бірінші отырысы бейне конференция арқылы өтті.

Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, монегаск делегациясын Монако Сыртқы істер және ынтымақтастық министрлігінің Дипломатиялық және консулдық қатынастар баскармасының басшысы Мари-Катрин Карузо-Равера жетекшілік басқарды. 

Іс-шара барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, тараптар екі елдің дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы сұрақтарды көтерді.