Қазақстанның СІМ басшысы Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті  

Қазақстанның СІМ басшысы Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті   

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 13 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Үндістан Республикасының Сыртқы істер және мәдениет жөніндегі мемлекеттік министрі Минакши Лекхимен кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығының оң динамикасын қанағаттанушылықпен атап өтіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Екі мемлекеттің көпжақты алаңдар, соның ішінде АӨСШК және Орталық Азия – Үндістан шеңберіндегі өзара іс-қимыл жолдары, сондай-ақ алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі сапарлар кестесі талқыланды.

Тараптар Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту үшін түрлі деңгейдегі диалогты жалғастыруға келісті.