Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның Референдумды бағалау жөніндегі миссиясымен сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ЕҚЫҰ-ның Референдумды бағалау жөніндегі миссиясымен сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 8 маусым – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) референдумды бағалау жөніндегі миссиясының басшысы Тамаш Месеричпен қорытынды кездесу өткізді.

Миссия елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2022 жылғы 5 маусымда өткен жалпыұлттық референдумға дайындық пен оны өткізу процесін бағалау үшін келген болатын.

Әңгіме барысында Т. Месерич ЕҚЫҰ / ДИАҚБ миссиясының жұмысы барысында Орталық референдум комиссиясымен, Сыртқы істер министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен ашық және сындарлы өзара іс-қимылды жоғары бағалады. Сонымен қатар, миссия азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті.

Миссия басшысы жалпыұлттық референдумда дауыс беруді бақылау қорытындысы бойынша Қазақстанда сайлауды ұйымдастыру саласындағы ұлттық заңнаманы одан әрі жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірленетінін атап өтті. Т. Месерич ЕҚЫҰ / ДИАҚБ Қазақстанға осы үдерісте, консультативтік және білім беру жобаларын ұйымдастыру арқылы қажетті көмек көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Өз кезегінде, Р. Василенко сұхбаттасушыға және әріптестеріне миссияның мазмұнды жұмысы үшін алғыс айтып, Қазақстанның ЕҚЫҰ / ДИАҚБ тәжірибесі мен ұсынымдарын жоғары бағалайтынын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тараптың да ізгі ниеті және Қазақстан мен ЕҚЫҰ / ДИАҚБ арасындағы ынтымақтастықты ілгерілемелі түрде арттыруға дайындығы атап өтілді.