Қазақстан СІМ-де БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасарымен кездесу өткізілді

Қазақстан СІМ-де БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасарымен кездесу өткізілді

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 9 маусым – Қазақстан Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин БҰҰ Бас хатшысының Бірінші орынбасары Амина Мохаммедпен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстанның БҰҰ-мен өзара іс-қимылына, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және әлеуметтік реформалары шеңберіндегі кең ауқымды мәселелерді талқылады. Өзара іс-қимылдың түйінді элементі ретінде әлеуметтік теңсіздік пен кедейлікті азайтуға, әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге, адам құқықтарын қорғауға, климаттың өзгеруіне қарсы күреске, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ басқа да өзекті сын-қатерлерді шешуге бағытталған БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсатындағы күн тәртібін іске асыру атап өтілді.

А.Мохаммед Қазақстанды БҰҰ-ға кіруінің 30 жылдығымен құттықтады. Еліміздегі саяси әлеуметтік өзгерістерге, соның ішінде ү.ж. 5 маусымда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге қолдау білдіре отырып, ол тәуелсіздіктің үш онжылдығы ішінде Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерін құптады.

Кездесу соңында А. Рахметуллин БҰҰ жоғары өкіліне Қазақстанға көрсеткен дәйекті қолдауы үшін ризашылығын білдірді.