Түркі мемлекеттері ұйымының Бақылаушылар миссиясымен кездесу туралы

Түркі мемлекеттері ұйымының Бақылаушылар миссиясымен кездесу туралы

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 маусым -  Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов референдумға бақылаушы ретінде қатысуға келген Түркі мемлекеттері ұйымының Бақылаушы миссиясы өкілдерімен кездесу өткізді. 

Министрдің орынбасары Ә.Тұрсынов ү.ж. 5 маусымда өтетін референдумға қатысты толыққанды ақпарат ұсынды.

Бақылаушы миссиясының басшысы - Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Гизмат Гөзалов ҚР Ұлттық рәміздер күнімен құттықтап, Қазақстан түркі елдерінің қара шаңырағы әрі Түркі мемлекеттері ұйымының құрушысы мен белсенді мүшесі болғанын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында Түркі мемлекеттері ұйымы мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық мәселелері мен ұйымның күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасылды.

Түркі мемлекеттері ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды, Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мүше, ал Мажарстан мен Түрікменстан байқаушы мәртебесіне ие.