Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары ТМД Байқаушылар миссиясының басшысымен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары ТМД Байқаушылар миссиясының басшысымен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 3 маусым - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко еліміздің Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды байқау үшін Қазақстанға келген ТМД Байқаушылар миссиясының басшысы, ТМД Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары – ТМД Атқарушы хатшысының орынбасары Леонид Анфимовпен кездесті. 

Р. Василенко сұхбаттасушыны Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырды. Алдағы референдум елімізді одан әрі демократияландыру, қазақстандықтарды елді басқаруға тарту арқылы қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. 

Л. Анфимов қазақстандық дипломатты референдумға дайындық пен оны өткізуді бақылау жөніндегі миссияның жұмысын ұйымдастыру, оның сандық құрамы, қалалар мен өңірлерге бөлінуі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, миссия құрамында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, Беларусь және Ресей Одағының Парламенттік Жиналысы және ТМД Атқарушы комитеті атынан 144 бақылаушы аккредиттелді. 

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ Достастық алаңында Қазақстан Республикасының ынтымақтастығын нығайту, ағымдағы жылы ТМД-дағы қазақстандық төрағалықтың басымдықтарын іске асыру мәселелерін талқылады.