
2022 жылғы 30 мамыр – 3 маусым кезеңінде Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітуді жалғастырды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын келістірді.
Комиссияның келесі отырысы 2022 жылы 20 маусым –
1 шілде кезеңінде Өзбекстан Республикасының аумағында жоспарланған.