
2019 жылғы 26 желтоқсанда Министр Мұхтар Тілеуберді ҚР СІМ жаңа Жауапты хатшысы Әркен Өтеновты ұжыммен таныстырды.
Министр оның қаржы секторындағы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі кәсіби тәжірибесіне тоқтала келе, Ә.Өтенов Қазақстанның білімді және тәжірибелі басқарушыларының жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған Президенттік жастар кадрлық резервінен шыққан алғашқы маман болып табылатынын атап өтті.