Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ресей Президентінің арнайы өкілімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ресей Президентінің арнайы өкілімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 1 маусым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаевтың Ресей Федерациясы Президентінің Халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағын, сондай-ақ оны одан әрі дамытуға бағытталған жекелеген бастамаларды талқылады.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қоры аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.