Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 25 мамыр – Екі елдің құзыретті органдарының қатысуымен Қазақстан мен Әзербайжанның Сыртқы істер министрліктері арасында бейнеконференция форматында консулдық консультациялар өтті.
Қазақстандық делегацияны СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, ал әзербайжандық делегацияны СІМ Консулдық басқармасының басшысы Эмиль Сафаров басқарды.
Кездесу барысында тараптар азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, консулдық-құқықтық саладағы екіжақты және көпжақты келісімдерді іске асыру, екі ел арасындағы құқықтық базаны кеңейту, азаматтардың сапарларын жеңілдету, вакцинация паспорттарын өзара тану және басқа да мәселелер талқыланды. Қазақстандық тарап «Астана» халықаралық қаржы орталғы негізінде AIFC Multipass жобасын қарастыруды ұсынды.
Консультациялар қорытындысы бойынша сұхбаттастар консулдық саладағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға дайын екенін растады.