Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 25 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ) Референдумды бағалау жөніндегі миссиясының басшысы Тамаш Месеричті қабылдады.
Миссия Қазақстанға 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыұлттық референдумды байқау үшін келді. Плебисцитті бақылау форматы Қазақстанда айдың басында болған Қажеттіліктерді бағалау бойынша ДИАҚБ миссиясымен анықталды.
Т.Месерич миссияның маңызды міндеті референдумға әзірлік пен оны өткізу процесін бағалау болып табылатынын атап өтіп, СІМ мен ҚР Орталық референдум комиссиясына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, оның алдағы жұмыс жоспарларына қысқаша тоқталды.
Өз кезегінде Р.Василенко сұхбаттасын мемлекеттік органдардың алдағы уақытта да миссияға барлық қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігіне сендірді.