Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Таиланд парламентарийлерімен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Таиланд парламентарийлерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 18 мамыр – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Ғылым, технологиялар, зерттеулер және инновациялар комитетінің төрағасы Акарават Асвахем бастаған Таиландтың Өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті.

Тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, екі елдің халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ мен АӨСШК шеңберіндегі өзара іс-қимылын, сондай-ақ дінаралық диалог мәселелерін талқылады. Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты қарым-қатынастарға серпін беру үшін екі ел арасындағы түрлі деңгейдегі байланыстарды одан әрі қолдауға келісті.