Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 6 мамыр - Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Португалияның Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Мария де Фатима Велес де Андраде Мендешті қабылдады.
Сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырғаннан кейін тараптар саяси, мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері бойынша пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстан мен Португалия арасындағы шарт-құқықтық базаны сапалы кеңейтуге әзірлігін растады.
Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған сәттен бастап 30 жылдық межені мерекелеу қарсаңында тараптар бірқатар екіжақты іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.
***
М.Мендеш - мансапты дипломат. Ол сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында да, Португалияның Нью-Йорк, Лион, Нью-Дели, Женева және т.б. қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерінде қызмет еткен.