
2019 жылғы 25-29 қараша кезеңінде Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы) Қазақстан-Ресей бірлескен демаркациялық комиссиясының жүзінші отырысы өтті.
Тараптар демаркацияның қорытынды құжаттарының жобаларын дайындау және бекіту жөніндегі жұмысты жалғастырды, сондай-ақ мемлекеттік шекара сызығын оның әр түрлі учаскелерінде белгілеуге байланысты мәселелер кешенін талқылады.
Комиссия 2019 жылғы жұмысты қорытындылап, 2020 жылға арналған келіссөздердің Жоспар-кестесін мақұлдады.
Келіссөздер дәстүрлі достық және сындарлы атмосферада өтті.
Комиссияның келесі отырысы 2020 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасының аумағында өтеді.