Қазақстан мен Бахрейн СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан мен Бахрейн СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 мамыр – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Бахрейн Корольдігінің Сыртқы істер министрі Абдуллатиф бен Рашид әл-Заянимен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар бір бірін  Ораза айт мерекесімен және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтады. Саяси және сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Сондай-ақ министрлер көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, қолдаулармен алмасуға уағдаласты.