Қазақстанның жаңадан тағайындалған Елшісі ант берді

Қазақстанның жаңадан тағайындалған Елшісі ант берді

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 4 мамыр – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ҚР-дың Таиландтағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исетовтың ант беру рәсімі өтті. Мұндай антқа саяси лауазымға алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметкерлер келтіріледі.

Рәсім барысында Елші Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, сондай-ақ Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.