Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысын өткізу туралы

2022 жылғы 18-29 сәуірде Жизақ қаласында (Өзбекстан Республикасы) Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының кезекті отырысы өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын тексеруді, келісуді және бекітуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды.

Комиссияның келесі отырысы 2022 жылы 30 мамыр - 3 маусым кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында жоспарланған.