
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 29 сәуір - Қазақстан мен Албанияның сыртқы саяси ведомстволарының бейінді департаменттерінің директорлары деңгейінде алғашқы консулдық консультациялар онлайн форматта өтті.
Консультациялар барысында екіжақты консулдық ынтымақтастықтың өзекті тақырыптары бойынша пікір алмасу орын алды. Тараптар шарт-құқықтық базаны кеңейту, өзара вакцинация паспорттарын тану, екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін талқылады.
Достық қарым-қатынас рухын растап, екі ел халықтары арасындағы іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін екіжақты визалық талаптардан босату мәселесіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара нәтижесі бойынша тараптар консулдық саладағы ынтымақтастықты жандандыру үшін байланыстарды одан әрі кеңейтуге және нығайтуға уағдаласты.