Қазақстан Елшісі Молдова Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Елшісі Молдова Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Кишинев, 2022 жылғы 28 сәуір - Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшісі Алмат Айдарбеков Молдова Республикасының Президенті Майа Сандуға сенім грамоталарын тапсырды.

Салтанатты рәсімнен кейін Елшінің МР Президентімен сұхбаты өтіп, оның барысында екіжақты, сондай-ақ ТМД және БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылды қоса алғанда көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективалары туралы пікір алмасылды.

Сұхбат барысында Нұр-Сұлтан мен Кишиневтің екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендігі атап өтілді.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Молдова Президентіне жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін жұмсауға дайын екенін білдірді.