Шетелдік дипломаттар мен Қазақстан СІМ қызметкерлері Нұр-Сұлтанда өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты

Шетелдік дипломаттар мен Қазақстан СІМ қызметкерлері Нұр-Сұлтанда өткен жалпықалалық сенбілікке қатысты

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 23 сәуір – Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері және ҚР СІМ қызметкерлері «Бірге таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жыл сайынғы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олардың қатарында ТМД, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің 40-тан астам елшілері болды.

Экологиялық іс-шара қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, табиғатты сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға бағытталған. Нұр-Сұлтан қаласындағы Ботаникалық саябақта сенбілікке қатысушылар 50 түп көшет отырғызды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша экологиялық акцияны Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының 160-тан астам қызметкері қолдады, олар Сыртқы істер министрлігі ғимаратының аумағы мен елорданың Желілік саябағында қоқыс жинап, 30 көшет отырғызды.