Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын табыстады

Қазақстан Елшісі Кувейт Әміріне сенім грамоталарын табыстады

ЭЛЬ-КУВЕЙТ, 2019 жылғы 18 қараша - Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Даулет Ембердиев «Байан» сарайында Кувейт Әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын тапсырды.  

Рәсімнен кейін болған кездесу барысында Елші Кувейт Әміріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ізгі тілектерін жеткізді. Д.Ембердиев біздің елдің басшылығының екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш-жігерді еселеуге мүдделігін білдірді. Елші бүкіл әлемде, оның ішінде, Қазақстанда Кувейт Әмірінің бейбітшілік жолындағы еңбегін жоғары бағалайды және 2014 жылы оған БҰҰ-ның «Гуманитарлық лидер» атағын беру соның дәлелі болып табылады деп көрсетті. Елші оның идеялары Елбасының бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау принципін ұстана отырып, мұсылман әлеміндегі таластарды ізгі ниет және сындарлы бағамдау арқылы бейбіт жолмен шешудегі қарым-қатынастарда жаңа парадигма болып табылатын Ислами татуласы үрдісі бойынша бастамасына үндес екендігін атап өтті. Президент Қ.Тоқаев осы жылы инаугурациялық және Қазақстан халқына жолдауы секілді маңызды сөздерінде белгіленген маңызды бағыттар туралы айтып берілді. Экономика негіздерін түрлендірудің, транзит-тасымалдық әлеуетті алға жылжыту және инвестицияларды тарту секілді қазақстандық шараларды атап өтіп, елміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық сфералардағы дамуын жаңғырту туралы баяндады. 

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігіне назар аударылды. Екі жақ көптараптылықтың, соғысқа қарсы және ядролық қаруға қарсы бағыттың сенімді жақтаушылары ретінде, атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайтында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде - 2017-2018 жылдары Қазақстан, Кувейт - 2018-2019 жылдары жемісті жұмыс жасады. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың үш диалогқа негізделген жаңа геосаяси шындықты құру, сондай-ақ біздің планетамызды лаңкестік пен жаппай қырып-жою қаруларынан арылту жөніндегі маңызды бастамаларын қолдауды ұсынылды. Кувейтті Азиядағы болашақ қауіпсіздік жүйесінің архитектурасын бірлесіп құруға мүмкіндік беретін АӨСШК процесіне қатысуға шақырылды.

Кувейт үстіміздегі жылдың 1 қазанынан бастап визасыз режимі бар елдер тізіміне енгізілді, одан бұрын Қазақстан мен Кувейт арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім күшіне енді деп көрсетілді. Біздің экономикалық қатынастарымыздың инвестициялық құрамдас бөлігін нығайту үшін қажетті жағдайлар жасалған. 

Кувейт Әмірі шейх С. Ас-Сабах Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Кувейттің Қазақстанмен екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша қатынастарды одан әрі дамытуға әзірлігін растады. Шейх С. Ас-Сабах Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа және ҚР Президенті Қ-Ж.Тоқаевқа өзінің жылы тілектерін жолдап, Елші Д.Ембердиевтің жұмысына табыс тіледі.