БҰҰ-Әйелдер құрылымының Өкілі Қазақстан Республикасындағы миссиясын аяқтады

БҰҰ-Әйелдер құрылымының Өкілі Қазақстан Республикасындағы миссиясын аяқтады

НҰР-СҰЛТАН, 2019 жылғы 6 қараша - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының Өкілі Илейн Конкиевичті еліміздегі қызметінің аяқтауына орай қабылдады. 

Е.Ашықбаев БҰҰ-Әйелдер құрылымына Қазақстанның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенция аясындағы міндеттемелерін орындау туралы Бесінші мерзімдік баяндамасын қорғауға дайындық бойынша, сонымен қатар Бейжің декларациясы мен іс-әрекеттер тұғырнамасын жүзеге асыруда қосқан үлесін ерекше атай отырып, еліміздегі гендерлік саясатты ілгерілетуде Қазақстан Үкіметіне көрсеткен қолғабысы үшін алғыс білдірді.