
Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 12 сәуір – Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ҚР-дың Молдовадағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмат Айдарбековтың ант беру рәсімі өтті.
СІМ басшысы Қазақстанның сыртқы саяси курсының іске асырылуына қосқан үлесі үшін ҚР-дың Түркиядағы жаңадан тағайындалған Елшісі Еркебұлан Сапиевке және Қазақстанның ТР-дағы бұрынғы Елшісі Абзал Сапарбекұлына «Құрмет» орденін, сондай-ақ Молдовада ҚР Елшісі Алмат Айдарбековке «Ерен еңбегі үшін» медалін тапсырды.