Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сімаралық консультациялар туралы

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сімаралық консультациялар туралы

Бішкек, 2022 жылғы 6 сәуір – Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасына сәйкес Бішкекте екі елдің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары деңгейінде консультациялар өтті.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов, ал қырғыз тарапын – Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев басқарды. 

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қырғызстанға алдағы ресми сапарын, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі басқа да халықаралық іс-шараларды дайындауға ерекше назар аударылды.

Екі елдің ЕАЭО, ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі интеграциялық бірлестіктердегі өзара іс-қимылының проблемалары мен перспективалары жөнінде пікір алмасылды.

Тараптар келесі жылы Нұр-Сұлтан қаласында кезекті сімаралық консультациялар өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.